Жас музыканттардың табысы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жас өнерпаздар да «Maroon 5» сынды әйгілі болуды көздейді. Бүгінде елімізбен қатар Ресейде де таныла бастаған музыканттар, YouTube, iTunes платформаларында талай тыңдарманның көңілінен шығып жүр. Олардың қалтасына түсетін пайда да, дәл осы сервистерден екен...

Жастар арасында танылған музыканттың бірі – Akha. 2005-тен бері өнер көрсетіп жүрген Аxмет есімді жігіт, тек бірер жыл бұрын ғана таныла бастаған.

Аkha өз тректерін Еуропа елінде жазып келген. Алғашқы концертін Латвияда берген музыкант, бүгінде Ресей елінде өз аудиториясын жинап үлгерді. Өнерпаз ақылы платформалардың арқасында қалтасын қалыңдатып жүрсе керек.

Akha, музыкант:

-itunes пен ютубтан көп табуға болады. Себебі, ол сайттан пайда табу жеңіл және оңай. Барлық өлеңдерді тегін тыңдай береді. Ал қалғандардың барлығына төйлейтін iThunes. Әрбір прослушиванияға, стримингте неғұрлым прослушивания көп болса, соғұрлым саған қаражат көп түседі.

Bonapart, Daricorn, Smoke және Hockoo сынды жас өнерпаздар бірігіп өздерін «Red Rose» командасы деп атайды. Ұжым ретінде ғана емес, жеке шығармашылықты да қатар алып жүрген жастар үшін, пайдаға кенелу жолы – сахнада ән салу екен.

Daricorn мен Hockoo, «Red Rose» тобының әншілері:

-Ондай платформалардан көп ақша табады деп ойламаймын. Ну проценттар кішкене түсіп тұратын шығар. Бір 30 мыңдай айына. Ал менің ойымша табыс көзі, осындай выступление сахнаға шығып ән айту деп ойлаймын.

Bonah есімді өнерпаз әзірге iThunes платформасына тіркелмеген. Тректерін тек тегін сервистерге жүктеп жүрген ол, танылу мақсатында тыңдармандарына қолжетімді болуы шарт деп отыр.

Bonah, музыкант:

-Біздің Қазақстандық платформалардан пайда табу, әзірге өзекті емес. Сондықтан, әртістердің көбісі ресейлік лейблдарға кетіп жатыр. Ол жақта музыканы бір рет тыңдаған үшін де, жүктеп алған санына байланысты қаражат табуға болады.

Талантты жас музыканттар, дәл осылай, аудиториясын қалыптастырып әрі ақша табу үшін, тынбай еңбектенуге дайын.