Әйгілі әнші Майкл Джексонның қызы – Пэрис өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бикештің бұл қылығына, әкесі жайлы жарық көрген «Неверлэндтен кеткенде» фильмі әсер етсе керек. Атышулы лента, поп-патшасының балаларға көрсеткен зорлығы жайлы.
«HBO» телеарнасы ұсынған «Неверлэндтен кеткенде» картинасының көрсетілуіне Майкл Джексонның жақындары о бастан қарсылық танытқан еді. Атышулы фильмнен соң, поп-королдің қызы, өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Уақытында келген жедел жәрдемнің арқасында аман қалған Пэристің, жағдайы әзірге бір қалыпты.
Эмбер Херд жаңа ғашығын жолықтырды. Актриса «Оно» фиьмінің режиссеры Андрес Мускеттимен папарацци көзіне түскен. Жұмбақ жүздесіп жүріп жұпқа айналған кино әлемінің өкілдері, әзірге қарым-қатынасын ресми түрде жариялауға асықпайды. Себебі, Эмбер бұрынғы жұбайы Джонни Деппен арадағы дау-дамайына әлі де нүкте қойып үлгермеген.
«Х Адамдар» фильмінің жұлдызы – Фамке Янссен пластикалық отаға жүгінем деп, сынға ілікті. Актриса 2012 жылғы бір сұхбатында бет-әлпетін хирургиялық жолмен өзгертуге қарсы екендігін айтқан екен. Бірақ 54-жастағы Фамке кейін өз ұстанымынан аттап, ботекс жасатқан. Күні кеше фэшн-мерекелердің бірінде бой көрсеткен бикештің адам танымастай өзгергеніне жанкүйерлері қапалы.