Әмина Өмірзақоваға 100 жыл!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Тақиялы періште» комедиясында ұлына жар іздеген ананың бейнесі, көрерменнің жадында мәңгілік сақталғаны анық. Аталмыш картинаның ажарын ашқан актриса Әмина Өмірзақоваға биыл 100 жыл! Тарихта қалған әйгілі әртістің туған күнін, театр мен кино өкілдері дүбірлете атап өтпек.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-Қазақ өнерінің анасы – Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы, халықаралық ұйым «ЮНЕСКО-ның» көлемінде аталып өтіледі. Біз ылғи да мақтанышпен айтамыз, сонау қиын кездерде Әминә Өмірзақованың сомдаған образы – бүкіл қазақ халқына, ананың кім екенін айқындаған образдардың керемет шыңы болды.

Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Өмірзақованың 100 жылдығын бірінші болып елеп-ескерген, Азамат Сатыбалды басқаратын Ғабит Мүсірепов атындағы театр ұжымы.

Азамат Сатыбалды, актер:

-Өйткені, бұл театрда біздің апамыздың маңдайының тері, табанының ізі, дауысының үні қалған. Өзі қызмет жасаған қасиетті қабырғасы, сахнасы. Сондықтан да біз ұжым ретінде бей-жай қалмай, сол мерекені біз бірінші эстафета ретінде бастап берейік деп, шешім қабылдадық.

Аңыз ананың 100 жылдығына арналған бас қосуға, қазақ өнері майталмандары түгелдей дерлік жиналған. Олар талантты тұлғаны еске алды, ерекшелігін елге айтты.

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:

-Актердың бақыты – мынау серіктесі дұрыс болса, актер бақытты. Фильмде бір болдық. Фестивальдарда болдық. Планетарный адам еді.

Әмина Өмірзақовамен театр сахнасында серіктес болған актерлардың бірі – Рахман Омар.

Рахман Омар, актер:

-Ол кісінің немересін ойнаған сәттерім болды. Сол кезде есімде, күлкісін сұрауға ұялдым. Күлкілі әңгіме айтып, аңдып отырдым. Сол кезде күлдіргенім есімде. Тура шынайы. Кинодағы күлкісі өмірде сондай еді.

«ЮНЕСКО» көлемінде тойланатын айтулы шараның қорытынды кеші, осы жылдың күз мезгілінде Астана қаласында өтеді.