Жас орындаушыларға аты аңызға айналған Backstreet Boys-дықтар, бәсекелесітік тудырса еш таңқалмаңыз! Жуырда ғана «камбэк» жасаған жігіттер, бұрынғы беделін кері қайтаруға мүдделі. Мәселен, топтың iHeartRadio-дағы ерек орындауы – бүгінде қызу талқыда!
Музыкалы салтанатта өнер көсеткен Backstreet Boys- дың «I Want It That Way» әнін халық сағынып қалғандай! Кешке келген тыңдарман ескі әуенді қосыла шырқап, жігіттерге деген мауқын басуға тырысты. Араға оралған топтың да, бар мақсаты осы еді.
-Музыкамызды дамыта түсеміз. Алайда, өзгермейтін бір дүние бар, біз әрқашан халықты ностальгияға бөлеуге ұмтыламыз. Себебі, тыңдарман біздің хит әндерді сағынды.
«Камбэк» жасаған Backstreet Boys-дықтар бұрынғы дәстүрінен таймақ емес! Кезінде әр альбомы әлемдік чарттардың көшін бастаған топтың, су жаңа жинағы да табысты. «DNA» жарық көре салысымен, Биллборд тізімінде ең үздік атанды.
Өнер әлеміне қайта қадам басқан жігіттер, бүгінгі музыкаға қатысты таңданысын жасырып қалмақ емес. «TIME-ға» сұхбат берген олар, k-pop бағыты туралы өз ойларын ортаға салды.
«Backstreet Boys» тобы:
-Біздің уақытымызда барлығы басқаша еді. Әлеуметтік желі дамымаған дегендей. Бүгінде барлығы өзгеше, тіпті музыка да. Мәселен, қазір BTS бойзбенді Америкада өз тыңдарманын табуда. Яғни, қазір музыкада ешқандай шектеулер жоқ.
Енді, әйгілі ұжым әлемдік турнесіне аттанбақ. Сәуір айында басталып, қыркүйекте өз мәресіне жететін әнсапар 70-ке жуық кештерді қамтымақ.