Сахна сыртында өскендер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ән авторларымен айқасуда алдына жан салмайтын Бақаева, бұл жолы сахнаға шығар сәтте тағы бір күтпеген жайтқа тап болды. Кезекті концерттердің біріне баласымен барған Салтанатты, кіші ұлы әбден әбігерге салған.

Салтанаттың сәбиі кешкен күйді, бес айлығында анасымен әнсапарға аттанған Әуелбекованың ұлы да басынан өткерген. Мөлдірдің айтуынша, мұндай жағдай бұрыннан бар.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Роза Қуанышқызы көрген кезде айтады: «Әй, сен қыз тура мен болыпсың ғой» - деп, Салтаймен ойнайды. Менің бұрынғы кезімде еске түсіріп жатырсың. Қайта саған қазір жеңіл дейді. Сендер ұшақпен ұшып барып келесіңдер. Біз деген автобуспен жүретінбіз. Кішкене қиындау болды дейді балаға.

Халық әртісі қалт айтпайды. Сахна сыртында қиындықты көп көрген балалардың бірі – Әли Оқапов.

Әли Оқапов, әнші:

-Киінетін, киім ауыстыратын, жуынатын жер болмай қалады. Кей кездері тамақтың өзі болмай қалады. Тамақтың өзі суып кеткен, немесе басқа дұрыс емес нәрселер. Дегенмен, кез-келген жерде ұйықтай білу керек. Даңғырлаған жерде ұйықтау білу керек.

Бір қызығы, жұлдызды ата-ананың өмірі, олардың перзентерін де өнерге ынтықтыратын секілді. Қаршадайынан сахнаның қыр-сырын көріп өскен Дидар Кәден – сөзімізге нақ дәлел!

Дидар Кәден, әнші, актер:

-Қойылымның барлық сөздерін, ойнап жатқан 40 адам ба? 40 адамның барлық сөздерін жатқа білетінмін. Өйткені сахнаның сыртында өстім. Қай кезде жарық жанады, қай жерде музыка қосылады, соның барлығын білетінмін.

Ес білгелі ел алдында өскен өнерлі ұл-қыздардың өткен күндердегі естеліктері мұнымен шектелмейді. Бүгінде олар отандық эстраданың жарық жұлдыздары!

Зарина Омарова, әнші:

-Роза апамыз Әлиді алып жүретін. Нағима апамыз, Мәдина Ералиева балаларын алып жүретін. Енді барлығымыз кішкентай болсақ та, барлығымыз акт залда күтіп отыратынбыз. Бір жерде ұйықтап қалатынбыз.