Корейлік «Big Bang» бойзбенді болса, керісінше шығармашылығын уақытша тоқтатуға мәжбүр! Кей-поп ұжымына қатысты дау әлі де толастар емес! Еске салсақ, күні кеше топтағы Сынриге қылмыстық айып тағылған еді. Енді міне, мембер ресми түрде жанкүйерлеріне жауап берді.
Жағымсыз жаңалық күллі кей-поп жанкүйерлерінің жағасын ұстатты! Big Bang бойзбендінің мүшесі Сынриге анау-мынау емес, ауыр айып тағылған. Корейлік заң өкілдерінің мәліметінше, өнерпаз шетелдік азаматтарға жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұйымдастырып отырған көрінеді.
Қылмысқа қатысы бар деп танылған Сынри, өзі 2006 жылдан бастап өнер көрсеткен Big Bang-ге одан ары зардабы тимесін деді ме, оқиғадан соң топтан кететінін мәлімдеді. Одан бөлек, өнер иесі іске қатысты жанкүйерлеріне ресми түрде жауап берді.
Seungri, «Big Bang» тобының мүшесі:
-Мен көптеген адамның ашуына тиіп, жанкүйерлерімнің үмітін ақтамадым. Сол үшін кешірім сұраймын. Енді, істің анық-қанығы анықталғанын күтемін.
Шулы оқиғадан соң, әйгілі топтың жақтаушылары екі тарапқа бөлініп отыр. Әзірге, әлемге әйгілі бойзбендтің экс-мүшесінің болашағы бұлыңғырлау.
- Жаңалықты ести сала, көңіл-күйім түсті. Түнде қатты жыладым. Не болса да, топқа қолдау көрсетуге әзірмін!
-Таңқаларлық жаңалық! Меніңше, Сынри өз істегенін мойнымен көтеруі керек! Топтан кеткенін құп көремін.