Кезінде «Бауыржан-шоу» театры арқылы қаншама таланттар танылғанымен, бүгінде көбісі көкжәшіктен көрінбей кетті. Ал, Ибрагимовтің әзіл шеберxанасынан түлеп ұшқан актерлардың ішінде, дәл қазір жұлдызы жанып тұрған – тек Әбунасыр Серіков деседі.
Бауыржан басқаратын әзіл ошағы әлдеқашан жұмысын тоқтатқан-ды. Ал аталмыш театрдан түлеп ұшқан әртістердің, қазіргі таңда өнерге деген құлшынысы сан түрлі.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
-Теледидардан жиі көрінбесек те, көрінбей басқа жақта белсенді болып жатырмыз.
Қарагөз Тілеубекова, актриса:
-Былайша айтқан кезде, біз қызыл кітаптамыз. Біз оған мақтанамыз!
Алмат Сақатов, актер:
-Бұрынғыдай жас емеспіз. Мотор сәл өшкен. Фар кеткен. Май ағады деген сияқты...
Кезінде осы ортада шығармашылығын шыңдаған Жанатбек Бәйтеков, бүгінде Әбунасырдың өзге әріптестерінен бір табан алда екенін жасырмайды.
Жанатбек Бәйтеков, актер:
-Оның кинода бағы ашылып, кәдімгідей бағы жанып кетті ғой ары қарай. Екінші тынысы деген сияқты. Біздікі де солай болатын шығар деп үміттенеміз.
Иә, бүгінде Серіков түспеген отандық комедиялар кемде-кем. Ал, кинонарықта сұранысыңды арттыра білудің сыры неде? Әбунасырдың жауабы дайын екен!
Әбунасыр Серіков, актер:
-Менің ойнаған рөлдерім, халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Егер де ойнай алмасам... Қай жерде жүрсең де, көшеде жүреміз, автобуста жүреміз, пойыз, ұшақта жүреміз. Айтатын еді өткендегі образың шықпай қалды деп. Сондықтан да, мен қазір көбінесе кинода жүрмін.