«Newton» тобынан кеткен Смит, музыкалық бағытын өзгертпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ поп музыкасына өз үлесін қосып жүрген «Newton» тобында өзгеріс. Төрт жігіттен тұратын бойзбендттен Смит кетуге мәжбүр болған. Рэп орындаушының денсаулығының сыр беруі - ұжымнан бөлінуіне әсер етті ме?!

«Newton» тобынан Смиттің кеткені, «Power-тар» үшін күтпеген жәйт болды. Табынушылар сүйікті бойзбендінің, бас рэперсіз қалғанынына қапаланған еді. Ал Смит өз тарапынан тыңдармандары үшін өнер жолын әрі қарай жалғастыратын мәлімдеді.

Smit, «Newton» тобының экс-әншісі:

-Мен жеке шығып алып бәрі айтып жатыр ғой, онда неге не істеп жүрсің ауырсаң, жеке шығып қуасың ба, қайт дегендей... Оның бәрі бүкіл жерде айтылады. Қазақстан қазір «91» тобы айтқандай, су астында, және мен су астынан шығуға, өз қол ұшымды көрсеткім келеді. Көрсету үшін жүрмін осы жерде.

Жеке әнші ретінде музыка саласына өз үлесімді қосамын деп білек сыбанған Нұрғиса Ануарбеков, «Newton-да» қалуға барынша тырыстым дейді. Рэпердің ұжымдағы жұмысын тоқтатуына – продюсердің шешімі себеп болған.

Тимур Бақтыбаев, «Newton» тобының продюсері:

-Енді мәжбүр болдым деген себебі, мына жерде шешім шығарып жатқан біздің компания, «Энтертеймент» былай айтқанда тарапынан болды шешім. Себебі, бізге талап бойынша – әртістің денсаулығы өте жақсы болуы керек. Себебі бірінші жыл емес, 2-4 жыл қызмет жасау керек.

Денсаулығымның сыр беруі, шығармашылығыма бөгет емес дейді Смит. Өнерпаз жеке орындауындағы алғашқы трегін де жарыққа шығарып үлгерді.

«Newton» тобына дейін «SMIT» лақап атын еншілеген Нұрғиса, сахнаға дәл осы есімімен қайта шықпақ. Енді q-pop жанрында ән шырқамаймын деген рэпердің, өзгеше бағытта таспалаған клипі де даяр.

Smit, «Newton» тобының экс-әншісі:

-Қазақстанда клип қалай жасалады, типа бәрі біп-бірдей ғой, бәрі демей-ақ қояйын енді, көбі бір-біріне ұқсайды, осылай-осылай по стилистике, по вайпу, бұнда кішкене америка жатыр. Американы тыңдайтын адамдар, бірден түсінеді.

Смит, жақын арада табынушыларын жинап, жаңа бейнебаянның тұсауын кеспек.