Поп-музыканың патшайымы атанған Мадонна болса, өткенін еске алып, сезіміге ерік берді! Майталман әртіс осыдан дәл отыз жыл бұрын «Like a Prayer» әніне бейнебаянын ұсынып, осы аттас альбомының тұсауын кескен екен.
Шығармашылық жолындағы айтулы дата туралы, өнерпаздың өзі инстаграм парақшасына жазып, жанкүйерлерімен бөлісті. «30 жыл бұрын су жаңа туындымды ұсынып, көптің талқысына қалған едім. Қара нәсілді адамды сүйіп, отқа оранған кірестер арасында билеуім, көпке жақпаса керек», - дейді әнші. Еске салсақ, «Like a Prayer» алпысты алқымдаған Мадоннаның жарық көрген 4-ші әнжинағы болып саналады.