«Queen» тобы - «Богемдық рапсодия» картинасы бағымызды қайта жақты дейді! Лентаның «Оскарға» үмітті атануы, әйгілі ұжымның бұл шарада өнер көрсетуіне жол ашқан. Енді, Фреди Меркьюридей тұлғаның серіктері, мәртебелі марапаттың маңызды мейманы атанбақ!
Аты аңызға айналған топтың атынан бүгінде Брайан Мэй мен Роджер Тейлор өнер көрсетіп жүр. Жуырда, қос музыканттың қатарына түрлі әнбайқаулардың жүлдегері – вокалист Адам Ламберт қосылған еді.
Ұжымның атын ел жадында қайта жаңғыртуға боларын сезгендей, кезінде картинаны муызыканттар бірден оң бағалған еді.
Брайан Мэй, «Queen» тобының мүшесі:
- Рамидің фильмдегі актерлық ойыны өте керемет! Нағыз шеберлік! Осы лента «Queen» халық жадында жаңғыруына жол ашқандай.
Роджер Тейлор, «Queen» тобының мүшесі:
-Өзімізді кинодан көрген қызық. Шынымды айтсам, өте бақыттымыз. Картина көпке ұнауы тиіс.
Роджер айтпақшы, лентаның көрермен көңілінен шыққаны соншалық, ұмыт болған «Queen-нің» әсем әуендері қайта шырқала бастады. Топтың тың туындылары «Биллборд» сынды әлемдік чарттарың көшін бастаса, әндері тыңдалымы көп тректердің біріне айналды.
Енді, әйгілі ұжым «Queen + Adam Lambert» атымен АҚШ бойынша «The Rhapsody Tour» турнесіне аттанбақ.