Отандық шоу-бизнесті альфонс жігіттер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнесте альфонс жігіттер өріп жүр. Бұл біздің емес, өнер өкілдерінің сөзі. Қыз-келіншектерді құрғақ уәдемен құрығына түсіретін сері-сымақтарды қалай жазалау керек? Аруларға алданып қалмас үшін қандай әдіс-амалдарға жүгінген жөн?

Нәзік жандыларды мазалаған осындай сансыз сауалдарға журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жауап береді. Танымал блогердің су жаңа кітабы «Альфонс жігіттің тағдыры» деп аталады. Автордың дәл осы тақырыпқа қалам тербеуіне ең жақын құрбысының тағдыры әсер етіпті.

Бибігүл Дәулетбекқызы, журналист:

-Алданып қана қалған жоқ. Сол жігіттен аяғы ауыр болып қалды да, сосын бір қыз туды. Сол кезде өзінің машинасынан, квартирасынан айырылып, маған жылап-еңіреп келді. Биба, мен осылай болып қалдым. Шыны керек, менің қатты жүрегім ауырды да. Құрбымның сондай күйге түскеніне.

Бибігүлдің өзі өмірде сері-сымақтардың тұзағына түспегенімен, оны құрбысының көз жасы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған. Тіпті, альфонс жігітті іздеп тауып, заң жүзінде жазалауды ұсынады.

Бибігүл Дәулетбекқызы, журналист:

-Сөйтсек, ол жігіттен менің құрбым ғана емес, көптеген осы Қазақстанда, бірнеше қыздар алданып қалған да. Бір қызығы жігіттің үстінен арыз жазыңдар деп жатырмын ғой. Ешқандай қыз жазбайды. Жоқ, қайтеміз. Біреуі ұл туып алған, біреуі қыз туып алған.

Бибігүлдің кітабына арқау болған серілер, біздің шоу-бизнесте де көп көрінеді. Әуелі әйел затының жүрегін жаулап, кейін ақшасын пайдаланатын жігіттердің атын атап, түсін түстемесе де, олардың өнерде жүргенін жоққа шығармайды, әріптестері.

Айгерім Мырзагереева, тележүргізуші:

-Қазір жас жігіттер өте көп. Өздерінен әлдеқайда үлкен әйелдердің артынан жүгіріп, бірге семья құрмақшы болады да, жағдайларын жасап алады. Ұят нәрсе ғой.

Мырзахан Маханов, «Жігіттер» тобының әншісі:

-Көріп жүрмін бар. Біздің өнерде де бар. Өте көп деп айтсақ та болады.

Жеңіл жүрісті жігіттердің әрекеті, соңында жақсылыққа апармайды. Қазақстанда талай сұлуды сорлатқан жігіт, соңында Бішкекке қашады. Қазір қырғыз қыздарына қырғидай тиіп жүр ме? Кім білсін! Бибігүлдің «Альфонстар» жайлы жаңа еңбегі дәл осылай аяқталады.