Леди Гага сүйіктісімен қош айтысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага болса, бірнеше ай бұрын қалыңдық атанамын деп жар салған еді. Әнші әрі талантты актриса, сүйіктісі Кристиан Кариномен сөз байласып та қойған. Алайда қос ғашық көп ұзамай, қарым-қатынасын үзген көрінеді.

Леди Гага төрт ай бұрын, өзінің менеджері – Кристиан Кариноға тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді. Инсайдерлердің пайымынша, әнші бұл шешімінен бас тартқан. «Грэмми» марапатында неке сақинасын тақпай келген бикештің, көңілі өзге жанға ауған көрінеді. Тіпті, Гага актер Бредли Куперге ғашық болып қалған деседі.

Кэти Перри тұрмысқа шығу жайлы ұсыныс алды. Әнші қыз сүйіктісі, Орландо Блуммен сөз байласқан. 2016 жылдан бері, бірнеше мәрте айырылысып үлгерген жұлдызды жұп, ақырында отау құруға шешім қабылдапты. Танымал актердың қалыңдығы атанған Кэти, жанкүйерлеріне асыл тасты неке жүзігін көрсетіп, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Жуырда ғана күйеужігітімен қарым-қатынасын үзген Бри Ларсон болса, шығармашылыққа мықтап кірісті. Актриса «Марвел» кинокомпаниясымен жеті бірдей фильмге түсуге келісім шартқа қол қойған. Аталмыш студия, Бри Ларсонға «Капитан Марвел» лентасының қаламақысы деп, 5 млн АҚШ долларын ұсынған. Осылайша Бри, суперқаһармандар арасында ең қымбат кейіпкер атанды.