Еркебұлан Дайыров ресейлік тарихи драмада!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркебұлан Дайыров, өзі сомдаған ресейлік кинотуындының тұсауын кесті. Талантты актер, Игорь Зайцев режиссерлық еткен «Тобол» тарихи драмасында басты кейіпкерлердің бірін сомдайды. Дайыров шетелдік картинаға қалай тап болды? Тілшіміз сұрап көрген еді.

Талай тарихи туындыларға түскен Еркебұлан Дайыров, кезекті картинасын таныстырды. Талантты актерға, бұл жолы ресейлік танымал режиссер Игорь Зайцевтің драмасында ойнау бұйырған.

Еркебұлан Дайыров, актер:

-Біздің «Номад» каскадерлар тобының жетекшісі Жандарбек Күнғожинов ағамыз. Сол кісі жаңағы режиссерға Игорь Зайцевқа мен туралы айтып, видео проба арнайы кастингке, жабық кастингке барып қатысып, сол кісінің көңілінен шығып, киноға өткен жайымыз бар.

Еркебұлан «Тобол» фильмінде жоңғар қолбашысының рөлін сомдайды. Орыс әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа түсетін қалмақтардың жетекшісінің образы – мансабымдағы маңызды кейіпкердің бірі дейді актер.

Еркебұлан Дайыров, актер:

-Әрбір геройдың өзінің шындығы бар. Мысалы менің геройымның шындығы - ол өзінің жері үшін, өзінің Отаны үшін, өзінің шекарасы үшін, қан төгіп, сол үшін күйіп-пісіп жүрген адам. Міне, оны зұлым деп айтуға болмайды.

Дайыровпен қатар, ресейлік туындының басым бөлігінде бой көрсеткен – қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлар командасы. Қауіпті трюктарды орындайтын үздік жігіттер құрамасы, картинаға арнайы шақыртумен тап болған.

Жандарбек Күнғожинов, «Nomad Stunts» каскадерлар тобының жетекішісі:

-Бізді интернеттен көріп, енді Голливудта істеп жатқан соң, өздерінің каскадерларын шақырмай тұрып, бізді шақырды. Осы жаққа келіп, қалай істейміз, осы жерде төбелестерді көрсеттік. Мына тросстармен адамды жұлу, адам жанатын жерін, төбелес аттармен трюктардың бәрін көрсеттік, ұнады.

«Nomad» бүгінде, «Disney» және «Netflix» сынды әлемдік деңгейдегі кинокомпаниялармен бірге жұмыс істеп жүр. 80-ге жуық епті жігіттерден құралған ұжым 2003-жылы жасақталған.

«Тобол» тарихи драмасы – ресей әскері мен жоңғар тайпасының арасындағы кикілжіңді суреттейді. Тарихи фильмде сатқындық пен махаббатқа да орын бар.