Ким Кардашьян таңқалдырған кеш!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьян Лос-Анджелесте өткен «Hollywood Beauty Awards» шарасының – басты мейманы атанған еді. Бұл кеште атышулы сәнбикенің өзінен бұрын, «көзтартар» образын жұрт қызу талқылады.

Канье Уэсттың жұбайы аталмыш мараптқа өз жүлдесін алу үшін емес, әріптесі Крис Эпплтонды қолдауға келіпті. Кимнің жеке стилисті атанған сері, сән саласының өкілдері бақ сынаған шараның қатысушысы.

Ким Кардашьянның кешке арналған эпатажды образы, дәл осы сәнгердің қолынан шыққан. Бикеш «Jean Paul Gaultier & Versace» брендінің қара түсті көйлегін киіп келген.

Сәнбикенің таңдауындағы киім үлгісін 20 жыл бұрын, француздық дизайнер – Тьерри Мюглер көктемгі коллекциясында таныстырған еді.

«Hollywood Beauty Awards» - кино және музыка саласында тер төгіп жүрген сәнгерлер арасында үздіктерді анықтайтын шара. 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін жобада, беделді дизайнерлер мен стилистер өзара сынға түседі.

Тіпті қызыл кілем шеруіндегі жұлдыздарды суретке түсіретін фотографтар да, аталмыш марапаттың жүлдегері бола алады.

Күні кеше өткен «Hollywood Beauty Awards-та» әнші Сиара, Эшли Симпсон, Кармен Электра да, өз сәнгерлерін қолдай келген.