Дәл осы «Биллборд» чартын үзбей бақылайтын жанның бірі – «Парфюмер». Желіні шулатқан рэпер, алғашқы ән кешін өткізген еді. Елге танылудың ерекше жолын тапқан жігіттің, шарасы ойдағыдай өтті ме? Орындаушының жанкүйерлері кім?
Желі жұлдызы «Парфюмер» өз тыңдармандарын «табынушы» деп танымайды. Аудиториясын жанкүйерім дегеннен гөрі, «жанұям» деп атауды жөн санайтын өнерпаз, алғаш рет жеке кешін өткізді. Рэпер шығармашылық жолдағы тырнақалды қадамын, туған қаласы Алматыда бастауды құп көрген.
Parfumer, рэп орындаушы:
-«Мені қолдады біріншіден менің достарым, рэперлер. Рахмет, Мартовену, Калераст. Калераст қазір бірінші орында. Рахмет бүкіл браттарыма, за то что мені қолдады.»
Кеште Азаматпен бірге қосыла ән шырқағандар көп болды. Парфюмердің өнерін тамашалуға келгендердің басым бөлігі – нәзік жандылар.
-Оның өлеңдерін жақсы тыңдаймын. Сосын оның әр татуировкасының мағынасы бар. Сосын ол маған ұнайды.
-«Парфюмер» өте танымал Қазақстанда. Ең сондай танымал әншілердің бірі болып саналады. Мен оны үнемі тыңдаймын, құрметтеймін. Осы оның концертіне әдейі келгенмін бүгін.
-Мен оның өлеңін, примерно бір ай бұрын тыңдадым. Ұнап қалды просто өлеңдері. Эля деген өлеңі ұнайды.
Атышулы рэпердің өзі, соңғы кезде жанкүйерлерінің қатары көбейгенін жасырмайды. Тіпті, түсі суық жігіттер де келіп естелік суретке түседі екен.
Parfumer, рэп орындаушы:
-Бір рет бес бала келген. Ассалаумағалейкум қалайсын, андай мындай. Мен ойлағам короче төбелес па бірнәрсе болады деп. Сосын олар бесеуі айтты, брат біз сені қолдаймыз. Тек қана алға, Қазақстан алға!
Осылайша, көптің қолдауынан қанаттанған «Парфюмер» тоқтап қалмаймын деп отыр. Ендігі мақсат – «Алматы аренада» жеке ән кешін өткізу.