Меган Маркл үшін ұялатын ақсүйектер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Маркл үлкен экрандарға оралды. Гарри ханзанданың жұбайы актрисалықтан бас тартса да, ол басты рөлді сомдаған картина жарық көрмек. 2011 жылы таспаланған лентаның қайта көрсетілуіне, патша әулеті не дейді екен?

Меган Маркл – «Ұл мен қызға арналған жәрдемақы» атты фильмнің басты кейіпкері. 2011 жылы таспаланған бұл туынды, тек АҚШ телеарнасында көрсетілген екен. Жоба авторлары Меганның бүгінгі танымалдығын пайдаланып, картинаны енді Ұлыбританияда ұсынбақ ниетте. Ал Гарри ханзадының жақындары, лента патша әулетінің атына кір келтірмесе болғаны деп отыр.

Кайли Дженер Трэвис Скоттың қызына жасаған сыйлығымен мақтанды. Рэпер бұрымдысының туған күніне гауһар тасты алқа тарту еткен. Стормиді «Gucci», «Louis Vuitton» және «Nikе» сынды брендтерден киіндіретін жұлдызды жұп, қыздарының бір образына кем дегенде 22 мың доллар жұмсайды екен.

Таяуда көз жұмған ресейлік рэпер Децлдің өлімінің себебі анықталды. Бұған дейін, музыкант есірткіден көз жұмды деген болжам айтылғанды. Алайда, сот-медициналық сараптама мамандары, Кирилл Толмацкийдің қанында нашаның табылмағанын ресми түрде мәлімдеді.