«Капитан Марвел» Сингапурда. Актриса Бри Ларсон жуырда жарық көретін фильмін таныстыру мақсатында, әлемдік турнесін бастады. Фантастикалық лентаның басты кейіпкерін сомдайтын бикеш, рөліне қатысты алғаш рет ашылып сөйледі.
Сингапурда арнайы жиын өткізген Бри Ларсон жалғыз емес. Актриса өзімен бірге, басты рөлдердің бірін сомдайтын Сэмюэл Джексонмен ерте келген. Бұл шараны актерлар, кино туындыны жарналамау үшін ұйымдастырған көрінеді.
Фантастикалық картина – «Марвел» студиясының әйел кейіпкерге арнап таспалаған толықметрлі алғашқы туындысы. «Оскар» иегері Бри Ларсон, бұл лентаның өміріне оң әсер еткенін айтады.
Бри Ларсон, актриса:
-Бұл фильм барысында көп нәрсе үйрендім. Қаһарман әйелдің образын мінсіз сомдап шығу үшін, оны өмірлік тәжірбиемде қолданған кездерім болды.
Фильм, Кэрол Дэнверс есімді қыздың хикаясын баяндайды. «Капитан Марвел» атанбай тұрып ол қарапайып ұшқыш болған. Ол кезекті әуе сапарының бірінде ғарыштағы құбыжықтарға тап болып, алып күшке ие болады.
Есесіне енді Кэрол, әлемді қауып-қатерден құтқара алатын супер қаһарманның біріне айналмақ! Көрерменнің 88% пайызы асыға тосқан «Капитан Марвел» лентасы, 7-ші наурыздан бастап үлкен экрандарға жол тартады.