«Джейран» тобының тарауына не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Джейран» тобының құрамында өзгеріс. Бірер ай бұрын ұжым продюссері – Әділжан Юсупов, қатарынан үш орындаушы арумен қош айтысқан-ды. Енді гелзбендтен кеткен қыздардың келешек жоспарлары қандай?

Сахнада 4 жылдан астам жүрген «Джейрандық» аруларды таратқан продюссер Әділжан Юсуповтың өзі екен. Топ жетекшісінің мұндай шешіміне, қыздар қарсы келе алмаған. Ал дәл осы ұжымнан түлеп ұшқан Фариза Ескермес шығармашылығын ары қарай жалғастырмақ ниетте.

Фариза Ескермес, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

-Қазір мен кино жағына барғым келеді және жеке әнші болып шығу үшін де, жұмыстар жүріп жатыр. Ән іздеп отырмын.

Фариза режиссер мамандығы бойынша білім алған. Енді кино саласына бет бұруды көздеген бикеш, болашақта продюсердің көмегіне жүгінбеймін дейді.

Фариза Ескермес, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

-Продюсермен жұмыс істемеймін. Контрактіге қол қойғым келмейді. Контракт қиын деп айта алмаймын. Бірақ ары қарай, жұмыс істей аламын деп ойлаймын. Сондықтан да контрактіге қол қойғым келмейді.

«Джейрандық» тағы бір ару – Медина Жалғасова, сахнада қала бермек. Бикеш жеке әнші ретінде емес, өзге топта өнерімді жалғастыруым мүмкін деп отыр. Әзірге ой үстінде жүрген сылқымның, өз есімін таныту жолында жоспары жетерлік.

Медина Жалғасова, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

-Әрине оңай емес, мен өзімді сонша жұлдыз деп санамаймын, дайын әртіспін деп. Әрине жұмыс үстіндемін, біздің продюсеріміз, біздің досымыз. Бізге сенеді, біздің талантымызға сенеді.

Жаңа продюсермен жұмысын бастап кеткен Медина үшін, «Джейран» тобы үлкен бір мектеппен тең. Әнші қыз, бастысы бәріміз тату-тәтті кеттік дейді.

Медина Жалғасова, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

-Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Біз тарадық болды. Бұдан кейін біз кездескен жоқпыз, сөйлескен жоқпыз. Былай топ қайтіп құрыла ма, құрылмай ма мен білмеймін.

«Джейран» тобының қыздары тарағанымен, бұл ұжымның тағдыры әзірге белгісіз. Таяуда дәл осы гелзбендке қосылған Розалина Мырзабекова, Бағым Мақсатқызы бастаған «Джейранның» жаңа құрамында өнер көрсетем деп отыр.