Қазақстандағы ең қымбат 10 футболшы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстан чемпионатындағы ең бағалы 10 аяқдопшы анықталды. Үздік ондықтың ішіне алты бірдей ұлттық құраманың ойыншысы кірген.

Көшті Астана футбол клубының легионері Марин Томасов бастап тұр. Хорваттық жартылай қорғаушының құны 3 млн еуроны құрайды. Екінші және үшінші сатыны ұлттық құрама сапында доп тебетін елордалық команда мүшелері Роман Мұртазаев пен Дмитрий Шомко өзара бөліскен. Қос ойыншы да 2,5 млн еуроға бағалануда.

Төртінші орынға алматылық «Қайраттың» көшбасшысы Бауыржан Исламхан жайғасқан. Футболшыны 2 млн 300 мың еуроға сатып алуға болады.

Оның ізін ала тізімде шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Алексей Щеткин және қостанайлық «Тобыл» мен Белорусия құрамасының ойыншысы Михаил Гордейчук бар. Қос футболшының да құны 2 млн еуро.

Жетінші тұрған оңтүстік астаналық «Қайрат» аяқдопшысы Исламбек Қуат 1,8 млн еуроға бағаланса, оның командаласы Адеринсала Эсеола 1,7 млн еуроға татиды.

Еліміздегі құны қымбат футолшылардың рейтингін елордалық клубтың форварды Джуниор Кабананга, оның бір ұжымдағы әріптесі Марин Аничич және алматылық команда өкілі Ғафуржан Сүйімбаев түйіндеп тұр. Үш ойыншының да нарықтағы бағасы 1,5 млн еуроны құрайды.