Канье Уэсттің басы бәлеге қалды. Рэпер, Нью-Йоркте өткен сән апталығында өнер көрсетуі қажет еді. Музыкант бұл кештен мүлдем бейхабар болып шықты. Уәде етілген концерттің болмай қалғанына кім кінәлі?
Канье Уэстті, дизайнер Филипп Плейн өз топтамасын ашу үшін шақырған. Сәнгер тіпті, 900 мың доллар көлемінде қаламақы төлеп қойған. Каньенің атынан келісімшартқа отырған алаяқтар екен. Рэпердің өзі болса, сәнгермен арада орын алған түсініспеушілік үшін жауап бермейтінін жеткізді.
Белла Хадид пен Хейли Болудиннің де басы дауға қалды. Бикештер «FYRE» фестивалінің жарнама ролигіне түскен еді. Аталмыш шара ұйымдастырушылары, алаяқтық жолмен табыс таппақ болған көрінеді. Сот шешімімен жоба директоры – Билли Макфарланд 6 жылға сотталды. Сәнбикелер болса, жарнама үшін алған төлемақыларын қайтарып беруге мәжбүр.
Әйгілі Джеймс Бонд туралы картина, 25-ші бөлімін таспалауға кірісті. Тыңшының хикаясын баяндайтын атыс-шабысқа толы фильмде, басты ролге бесінші мәрте Дэниел Крэйг оралмақ. Жоба авторлары туындыда әйел образын – танымал актрисалар Эмма Стоун немесе Дакота Джонсон сомдайды деп отыр. 2020 жылы 13-ші ақпанға жоспарланған лентаның түсірілімі, Италияда өтпек.