Тағдыры ауыр қыз жайлы фильм!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әділхан Ержановтың туындысы таспаланғанша, оның өзге әріптестері түрлі кинобайқауда бақ сынауда! Мәселен, Германияның астанасында «Berlin International Film Festival» өз шымылдығын түрді! Алғашқы болып, Кейси Аффлек су жаңа туындысын таныстырды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келген Берлин фестивалі 69-шы рет өз есігін айқара ашты. Әлемнің кіл мықты киногерлерін жинаған сайыста, биыл 400-ге жуық картина көрсетілмек. Оның 17-сі бас жүлде «Алтын аю» және «күміс аю» сыйлығына таласқа түседі.

Кинофестивальге туындысын арқалай келгендер қатарында – Кейси Афллек те бар. Шараға «Оскар» иегері «Өмірімнің жарығы» картинасын ала келген.

Режиссер әрі сценарий авторы ретінде қызыл кілемде төбе көрсеткен ол, су жаңа лентадан феминистик астар іздемеуін сұрайды. Драма сюжетінде жұқпалы індеттен аман қалмақ болған кішкентай қыз бен оның әкесінің оқиғасы баяндалады.

Кейси Аффлек, актер, режисер, сценарист:

-Анасы жоқ, яғни тепе-теңдігі бұзылған отбасының оқиғасы. Мұндай жағдайда баланың тәрбиесіне шамаң келе ме? Екі баланың әкесі ретінде, тура осындай оқиғаны таспалауды жөн көрдім.

Аффлектің бұл идеясын көрермен қалай қабыл алары әзірге уақыт еншісінде. Ал, халықаралық Берлин фестивалі ақпанның 17-сіне дейін жалғаспақ!