Айқынның туған күніндегі қызықтар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мерейтой болмаса да, Айқын шоу-бизнестің ығайы мен сығайын жинап, 37-жасқа толуын дүркірете атап өтті! Айтулы кеште әншінің жұлдызды енесі Баян Алагөзова, өз өсиетімен жүректі елжіретсе, Ерке Есмахан ерек биімен талқыға түсті. Туған күннің бұдан өзге де қызықтарын тілшіміз баяндасын.

Баян мен Бағым Мақсатқызы, Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан бастаған өнер өкілдері Айқынды құттықтауға түгелдей жиналды ма дерсіз. Шоу-бизнестің қаймақтары арасында бизнесмен Қайрат Құдайберген де жүр. Бәрі де құшақ-құшақ гүл мен бағалы сыйлығын арқалай келген.

Алайда, айтулы күнде ең маңызды тартуды Айқынның өзі өзіне жасағандай. Әнші, төл мерекесіне орайластырып, бейнебаянынның тұсаукесерін өткізген-ді. Айтпақшы, су жаңа туындыда басты рөлде – сүйген жары Жұлдыз.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Клипке көбірек резононс беру үшін, презентация жасаған дұрыс та. Ал, жай туған күн жасаған тоже. Туған күн жыл сайын істемедім. 2-3 жыл болды істемедім. Соңғы жасаған туған күнім, «Каждый день» деген әнге, тоже презентация жасап шығарған болатынмын.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Содан кейінгі презентация осы, ол клипте де....

Қуанышты күнде, шараның ұйымдастыру жұмысына білек сыбана кірісіп, «отымен кіріп, күлімен шығып» жүргеннің жанның бірі – Дәурен Айдақұлов. Кешьюлік қыздарды жар еткен қос өнерпаз, мінезі жарасқан «бажалар» көрінеді.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Негізі ол мазақ емес, өмірдің болып қалған болмысы шығар. «Бажухам» ғой енді. Оның үстіне құрдаспыз. Айқынның жақсы қасиеті ол мейірімділігі шығар. Танитын болсын, танымайтын болсын адамдарға мейірімділігі өте жақсы.

Жүрекжарды лебізін білдіруде Айқынның шоу-бизнестегі «енесі» Баян Алагөзова да тартынып қалмады. Продюсер «қыздарыма жақсы қараңдар» деп, күйеубалаларына өсиет айтты.

-А где моя вторая дочь? Ваша вторая дочь присматривает за внучкой, сейчас придет.

Осылайша, шоу-бизнестің атышулы жұптарын топтастырған кеш жұлдыздардың ерек бимен жалғасын жапты. Жерге аунаған Луина, тізерлеген Ерке Есмахан...