Жұбаныш Жексенұлын састырған қай сауал?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұбаныш Жексенұлы бұған дейін сұхбатқа келгенде белсенді еді. Соңғы кездері камера көрсе, ат тонын ала қашатын болған. Өйткені әншінің шығармашылығынан гөрі, жанұясы жайындағы жаңалықтар желіде желдей есіп тұр. Сондықтан болар тілшілер сауал жолдаса бітті, өнер иесі тығырыққа тіреледі...

Жұбаныштың өнеріндегі жаңалықтарын қалт жібермейтін халық, былтырдан бері әншінің жеке өмірі мен жанұясына қызығушылық таныта бастады. Өткен жылы өзге ұлтпен құда болуы және орындаушының бөтен бикешпен түскен дәл осы суреті, желідегі жұртты бір дүрліктергені бар.

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

-Қоймайсыңдар сендер де!

Содан бері Жұбаныш, сұхбатқа сараңдау. Журналистердің сұрақтары қытығына тисе, құтылуға асығып тұрады...

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

- Ол... Ей, бүйтиікші... Сен жайлап әкетіп бара жатырсың. Вообще көрсетпей қояйықшы осыны...

Ал, жұлдыздардың жеке өмірі жайлы қарапайым халықтан бөлек әріптестері де білуге құштар. Сұхбат сәтінде тілшінің өзін тергеуге алады.)

Шахизада, әнші:

-Ол не істеп жүр десең, иә?

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Ол тағы не бүлдірді десең, иә?

Телевизия саласында толағай тәжірибесі бар Динара Сәтжан, соңғы кездері камера алдында қобалжуды әдетке айналдырыпты...

Динара Сәтжан, тележүргізуші:

-Өте... өте... Ааа... Как будет душевно? Достастық... как это будет? Давайте сначала повторю...

Айтпақшы, «Опмай-опмай» шыққалы бұл жігіттердің өмірі күрт өзгерген. Аталмыш хит тыңдарманға тарағалы «Бақай» тобының солисі күнделікті бетін әрлеп жүретін көрінеді. Сұхбат кезінде құпияның құлпы ашылды.

Бек Шәріп, «Бақай» тобының әншісі:

-Сонысымен қызық қой. Күнде Бек Шәріп макияжбен жүреді екен деп ойлап қалмасын. Қартайғанын білдірткісі келмей деп...