«KeshYou» жаңа құрамын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Топтағы сұлуларды жиі өзгертуге дағдыланған Баян, күні кеше «KeshYou-дің» жаңа құрамын шоу-бизнес өкілдеріне таныстырды. Бұл жолы триоға келген аруларға – қойылатын шарт тым қатал. Ал, Алагөзованың талабына өрімдей қыздар қаншалықты дайын?

«KeshYou-дің» жаңа құрамына қабылданған қыздардың есімі – Балауса, Наргиз және Ләззат!18 бен 22 жас аралығындағы үш бұрымды да Өнер академиясының шәкірттері. Жарты жыл бұрын топқа келген арулар, осы күнге дейін үздіксіз дайындалған. Оларды жұртқа таныстырудың сәті Баян ханымның туған күні кешінде түсті.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бұл құрам тек жанды дауыста ғана өнер көрсетеді. Қыздардың талапты орындауға толықтай мүмкіндіктері жетеді. Бұл ««KeshYou-дің» тарихында болмаған. Бірақ топтағы бұрынғы әншілерді жамандағаным емес. Ол кезде түрлі себептерге байланысты, фонограммамен айтуға тура келетін.

Жаңа «KeshYou-» жанды дауыста шырқауға толыққанды дайынбыз дейді. Бірақ шоу-бизнестен әлі бейхабар қыздарды желідегілердің сыны алаңдатып отыр.

«KeshYou» тобы:

-Тағы да ауысып жатыр ма? Тағы да жаңа қыздар келді ме? Ескі қыздарды есімізге сақтай алмай жатып, тағы ауысып жатыр ма дегендей... Кейбіреулеріне жағып жатамыз, кейбіреуге жақпаймыз. Енді оны уақыт көрсетер. Менің ойымша біз үздік топ құрам екенін дәлелдесек, халық та бізді қабылдайды деген үміттеміз.

Келісімшартқа қол қойған қыздардың ендігі жоспары тек жұмыс істеу. Яғни, шығармашылық бірінші орында. Ресми құжатта бекітілген мерзім мәресіне жетпейінше, тұрмысқа шығуға болмайды. Сондықтан, сұлулар сезімге ерік берсе, айыппұл арқалайтынын жақсы біледі.

«KeshYou» тобы:

-Топтағы әр қыздың өзінің санасына, өзінің ойына санасына байланысты нәрсе. Біз енді ондайдан аулақ болуға тырысамыз, әрине!

Сұлулар су жаңа клиптің де тұсауын кесті. Қоғамдағы өзекті мәселелерді бір туындыға тоғыстырған видео - «Ұят емес» деп аталады.

«KeshYou» тобы:

- «Ұят емес!» Оны негізі дұрыс түсіне білу керек. Қоғамдағы барлық жағдайларды көтердік десек те болады. Еркектердің әйел адамдарға қол көтеруі... Яғни, қазіргі таңда нағыз ұят нәрсені көре алмай жатқандары үшін, біз сондай тақырыпты көтердік.