Анджелина Джоли

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли керісінше, шығармашылығын уақытша ысырып қойған. Есесіне, ол көмекке зәру жандарға қол ұшын созуда тартынып қалмақ емес. Талайға сүйікті актриса, Бангладешке арнайы миссиямен табан тіреді. Мақсаты – босқындар мәселесін шешу.

Жеке басындағы қиындықтар жетіп артылса да, Анджелина Джоли өзгенің мәселесін екінші кезекке қоюдан аулақ. Актриса БҰҰ-ның ерікті елшісі ретінде Бангладештің Кокс-Базар шаһарына келді. Дәл осы аумақ әлем бойынша ең көп босқын қоныстанған мекен болып саналады. Мұндағы адамдар Мьянмадағы үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында болған қақтығыстың салдарынан панасыз қалған.

Анджелина Джоли, актриса, БҰҰ-ның ерікті елшісі:

-Мұнда келіп, азаматтық ала алмай, өмір бойы қуғынға ұшыраған жандарды көру – өте ауыр. Оларға тіпті малға сияқты қараған. Енді, БҰҰ-ның көмегімен олардың барлығына жеке басын дәлелдейтін құжат берілетін болады.

Мінберде сөз сөйлеген актриса содан соң әдеттегідей, үйді-үйді аралап, әрбір отбасының мұң-мұқтажын жеке-жеке тыңдап шықты. Босқындардың мәселесін көкейіне қондырған ол, көмекке зәру жандарға қалай да көмектесетінін жеткізген еді.

Еске салсақ, бұл Анджелинаның бенгалдықтар еліне алғаш рет табан тіреуі. Актриса енді Бангладештің премьер-министрімін жүздесіп, мәселенің оң шешімін қарастырмақ.