Дәурен Айдарқұловтың асыл жары – Ақбота күйзелісте жүр! Әншінің бұл күйге түсуіне – екінші сәбиін дүниеге әкелуі себеп болған. Одан бөлек, ғаламтордағы «кибербулинг» те танымал бикешке әсерін тигізбей қоймаған. Жұлдыздар бастан кешкен жаңа ұғым туралы не білеміз?
«Кибербуллинг» – ғаламтор, әлеуметтік желі, смс хабарламар арқылы бір топ адамның өзге біреуді жабыла қудалауы. Жаңадан белең алған бұл құбылыс жұлдыздарға жат емес. Әзірге, тек постарының астындағы жағымсыз жазба ретінде ғана.
Аша Матай, әнші, тележүргізуші:
-Ешқандайда жауап қатпаймын, жауап бермеймін. Себебі ол әр адамның өзіндік позициясы. Сондықтан да жазғысы келсе жазсын. Ең бастысы менің жақындарыма тіл тигізбесе болды.
Отбасылық оқиғаларға байланысты, Ақбота Сейтмағамбетке де кезінде желідегі оқырмандары жабылған еді. Бұған еті үйренсе де, әнші ұнамсыз дүниелерді қабылдауға құлықсыз.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші:
-Соңғы кездері енді босанғаннан кейінгі депрессия дей ма, стресс па сондай болады ғой, соның әсерінен бе барлығын блокқа тығамын. Олармен ұрсысудың қажеті жоқ. Жаңағы сөз қайтарудың қажеті жоқ. Жаңағыны алып блокқа тыға салған дұрыс.
«Кибербуллингтың» құрбаны атану әр адамның өзіне байланысты дейді кейбір жұлдыздар.
Динара Сұлтан, әнші:
-Егерде сіз менің парақшамды қарайтын болсаңыз менде ешқандай хэйтерлар деген подписчиктер жоқ. Өйткені мен өте орынды мүмкін ойымша мәселелер қозғаймын.
Арман Қоңырбаев, әнші:
-Әрине менде игнорға саламын. Бірақ шіли қатты бір нәрсе болып бара жатса, мән беріп соны оқып значит что то не то пошло деген сияқты мән бересін.
Ғаламтордағы қудалауға тап болған жағдайда, барлығын заң жүзінде шешуге болады, дейді мамандар.