Кристиан Бэйл «Билік» картинасын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелинаның әріптесі Крисстиан Бэйл де вице-президент ретінде халықтың жағдайын күйттеуде! Алайда, бұл оқиға тек «Билік» картинасының сюжетінде ғана. Әйгілі актер, «Оскарға» үмітті лента үшін қандай жанкештілікке барғанын айтып берді.

Адам Маккейдің «Билік» картинасы – «Оскардың» бас жүлдесіне үміттілер қатарында. Одан бөлек, лента «үздік режиссура», «үздік монтаж» сынды жеті аталым бойынша бақ сынамақ. Кристиан Бэйл де осы фильмдегі актерлық ойыны үшін, тағы бір мүсінше еншілеп қалуы бек мүмкін. Алайда, жүлдеден дәмелі өнерпаз әуел баста аталмыш рөлді сомдаудан басын ала қашқан екен.

Кристиан Бэйл, актер:

-Бұған дейін Адам Маккейдің картинасына түскен едім. Содан кейін онымен, жұмыс жасамаймын деп өзіме сөз бердім. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай, бас тарта алмадым. Адам жақсы сценарий жазып, қызықтырып қойды. Қалай келсікенімді білмей қалдым.

Кинодағы образына бола дене бітіміне өзгеріс енгізуден рекорд орнатқан Кристиан, «Билік» картинасы үшін де біраз әбігерге түскен. Әйгілі саясаткер Дик Чейниге барынша ұқсау үшін – ол 20 келі салмақ қосып, шашты тақырлап алдыру секілді түрлі жанкештілікке барған.

Кристиан Бэйл, актер:

-Сенесіздер ме, менің бұл пішімім балаларыма бірден ұнады! Бүлдіршіндерім қампиған қарнымды батут көріп, үстінде секірді. Мұндай трансформацияға еңбек пен ұзақ уақыт қажет болды.

Сондай-ақ, Кристиан Бэйлге саясат тақырыбындағы таным-білімін толықтыруға тура келді дейді. Актер вице-президенттің рөлін жетесіне жеткізіп сомдау үшін біраз кітап бетін ақтарған. Еске салсақ, «Билік» картинасы 2000-шы жылдары саясат саласында ең белделді тұлғаға айналған Дик Чейнидің өмірінен сырт шертеді.