Димаш, Мәскеуде екі күн концерт бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бастапқыда Мәскеу жұртшылығына бір ғана концертті жоспарлаған Димаштың ән кеші енді екі күнге созылмақ. Бұл қазақ баласына қызығушылығы артқан ресейлік тыңдармандардың өтініші. Өйткені алғашқы кешке билет алып үлгермегендер көп көрінеді. Ал, әлем таныған әншінің, жаһандық турнеге деген дайындығы қалай жүріп жатыр?

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

-Димаштың «Д-Династи» деп аталатын концерттік турының басталғандығын, көзіқарақты тыңдармандар біледі. Енді Ресейде, Еуропаның басқа да мемлекеттерінде өтетін концерттеріне, қазір дайындықтар жүріп жатыр.

Димаштың екі күндік концерттік бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Ауқымды аудиториясын қалыптастырған қазақ баласы – бұл кешке шет елдік әндерді де топтастырған.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

-Қазір америкалық, ресейлік, қытайлық, қазақстандық көптеген композиторлармен, ақындармен жұмыс жасалуда... Әр елдің менталитетіне талғамына, танымына сәйкес әндер жасақталатын болады.

Димаштың жаһандағы жетістігіне отандық жұлдыздар да дән риза. Өйткені өнердегі аға-әпкелері оның ерекше вокалдық қабілеті мен пысықтығын бала кезінде байқаған.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Мына бала бір жерді тесіп шығады ғой деп жүретінмін. Кейін ән сала бастады. Концерттер де ән айтқан кезде, оның диапозонына таң қалатынмын да. Сол кезде де сүйсініп қарайтынмын.

Арман Дүйсенов, әнші, композитор:

-Жұбанов университетінде де, колледжде де залда аппартура тұрады дейді. Сол жерде Димаштан басқа ешкім дайындалмайды. Күні түні дайындалатын өнерсүйгіш, тыным таппайтын бала болатын. Өзінің балдәурен шағының өзінде.

Айта кетейік, Димаштың Мәскеудегі ән кеші Ұлыстың ұлы күні – 22-ші және 23-ші наурызда мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.