Дуа Липа тағы да үздік атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Британдық әнші – Дуа Липа, дебюттық альбомымен үздік атанды. Өнерпаздың әнжинағы 9,5 млрд рет тыңдалып, тіпті Тейлор Свифттың өзін шаң қаптырған.

23 жастағы арудың 2017 жылы жарық көрген «Дуа Липа» атты альбомы, бірден «Биллборд» үздіктерінің тізіміне енген еді. Талантты қыз «Brit Awards» премиясында 2 түрлі жүлдеге ие болған. Ең қызығы, Дуа Липа 14 жасынан өнердегі әпкелері Кристина Агилера, Нелли Фуртадоның әндеріне каверлер жазып таныла бастады.

Музыка әлемінде Дуа Липаның атағының асқақтауына, оның 2015 жылы «Warner Bros Records» музыкалық компаниясымен жасаған келісімшарты септігін тигізді. Бұл орталық өнерпаздың құрметіне «See in Blue» деректі фильмін түсірген еді. Дуа Липаның, Кельвин Харриспен бірігіп орындаған «One Kiss» әні өткен жылы жарық көрсе де, музыкалық чарттардың көшінен әлі күнге дейін қалар емес.

Альбомнан бөлек ол 8 трек ұсынып, тыңдарманның көңілінен шыққан әндері түрлі номинацияларда бәйгеге түсті. Музыкант бикеш, Киев қаласында өткен «Чемпиондар Лигасында» да өнер көрсеткен еді.

Бүгінде Дуа Липа «Sunny Hill Foundation» атты қорды басқарады. Оны туған жері – Косова республикасының тұрғындарына көмектесу үшін құрған екен.