Жұлдыздар желідегі қауіпсіздікке алаңдаулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Грэммиге» қатысты оқиғаны естіген отандық жұлдыздар, желідегі аккаунттарының қауіпсіздігіне алаңдай бастады. Тіпті, жеке парақшасын әкімшісіне тапсыруды ойлап жүрген Дана Кентай, қызметкерінен аздап күмәнданатын көрінеді.

Әр күні тығыз кестеге түзілген отандық жұлдыздар, уақыттың жоқтығынан желідегі жеке парақшасын жүргізуді өзгелерге тапсыруға мәжбүр. Солардың бірі – кино түсіруден қолы босамайтын Жеңісхан Момышев.

Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:

-Егер де бір жазатын нәрсем болса, сол менің өзімнің пиар командам бар, сол өзімнің жазып, тиісті нәрселерді қазақ тілінде де, орыс тілінде де жазып береді.

Алайда, Дана Кентай «сақтықта қорлық жоқ» дейді. Сондықтан, жанындағылардан аздап күмәнданатынын жеткізген әнші, аккаунтының құпия сөзін өзгеге айтуға құлықсыз.

Дана Кентай, әнші:

-Бірақ негізі, инстапарақша болсын, кез-келген парақша болсын, кез-келген әлеуметтік парақша ол адамның жеке дүниесі, жеке өмірі ғой былай айтқанда.

Дананың бұл сөздерімен, заңгер Қанат Кутумов толықтай келіседі. Оның да пайымынша жұлдыздарға әлеуметтік желідегі парақшаларын өздері жүргізгені абзал. Ал, егер мүмкін болмай жатса, мына кеңестерге құлақ асыңыз:

Қанат Кутумов, заңгер:

-Жұлдыздар ғаламтордағы аккаунты жүргізуді, өзге біреуге тапсыратын болса, онда міндетті түрде келісімшарт жасасқаны абзал. Онда екі тараптың міндеттері мен жауапкершілігі жазылады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда адамдар бұған аса көңіл бөлмейді.

Одан бөлек, танымалдар хаккерлердің құрбаны атанып, парақшаларынан айырылып жататыны да жасырын емес. Ондай келеңсіздіктерге тап болмас үшін, instagram желісі – компания атынан келетін жалған хаттарға сенбеуге, құпия сөзді сенімсіз сайттардың сұрауымен жазбауға шақырады.