Джастин Бибер тойын неге кейінге шегерді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибер мен Хейли Болдуин көптен күткен үйлену тойларын кейінге шегерді. Жұлдызды жұп бірнеше айдан бері салтанатты шараның күнін белгілей алмай әлек. 28-ақпан өтуі тиіс болған неке қию рәсімі, енді қашан болмақ?

Джастин Бибер мен Хейли Болдуин некелесу күнін – ұлан асыр мерекеге ұластырмақ. 300-ден астам қонақ шақыруды жоспарлап отырған ғашықтар, дайындыққа қызу кірісіп кеткен де еді. Алайда Бибердің шаңырақ көтеру қуанышына жақындары келе алмайтынын айтқан. Сол себепті той 2019 жылдың күзіне шегерілген. Наурызда Джастин, 25 жасқа толуын дос-жарандарымен думандатып қарсы алмақ.

Джордж Клуни өзінің әйелімен тіл табыса алмауда. Актердың жұбайы тіпті, шаңырағын тастап кетіп қалған. Голливудтың үлгілі жұбы саналған бұл отбасы, бір жылдан бері тату-тәтті өмір сүруді қойыпты. Амаль, күйеуінің жанұясына жеткілікті уақыт бөлмейтінін айтып ренжулі. Жұрт болжамынша, бұл жағдайдан соң Джордж бен Амальдің ажырасуы әбден мүмкін.

Дженнифер Энистон – ана атануды армандап жүр. 49 жасқа келген актриса әлі күнге дейін сәби сүйе алмаған. Брэд Питт, Джастин Теру сынды актерлардың заңды әйелі болған Дженнифер, «бар өмірімді шығармашылыққа арнадым» дейді. Алайда бикештің нәрестелі болуына оның денсаулығы кедергі келтірген көрінеді. Енді Энистон, Мексикадан бала асырап алмақ ниетте.