Жаңылысқан жұлдыздар! Кадрдан тыс.

Сообщить о проблеме с эфиром

Төрт бойдақтан тұратын «Рензо» тобы сүйіктілеріне іздеу салады. Бірақ, Қонарованың шымкенттік шәкірттерінің талаптары тым қатал. Аталмыш ұжымның жігіттері, бізге жар атанғысы келетін бұрымдылар шыдамды болса екен деп тілейді.

Болашақ жұбайын шыдамдылыққа шақырған «Рензо» тобының әншісі, өмірлік жарының сабырлы болғанын қалайды. Өйткені, күйеу бала – Шымкенттен!

«Renzo» тобы:

-Күйеу бала Шымкенттен болса, күнде тойдырады «шешеге» деп отырсаң, иә?

«Рензолықтар» Алматыда өскенімен, өнерпаздардың түп тамыры оңтүстік өңірде жатса керек...

«Renzo» тобы:

-Таза Алматыданмын. Қаным Шымкенттен деп жіберіп отырсаң, иә!

«Ньютон» тобының журналистермен жүздессе, қалжыңдасуға мұршасы жоқ. Салмақты тақырыпты тілге тиек етпек болған төрттіктен, мардымды жауап ала алмадық.

«Newton» тобы:

- Жалпы, қайырымдылық іс – өте дұрыс нәрсе! Біздер компания болып, компанияның артынан... ой, артынан... Ойландырып жібердіңіздер ғой.

«Ньютон» жігіттері қайырымдылық жасамаған соң, камера алдында жалған сөйлеуге секемденіп тұрған секілді.

«Newton» тобы:

-Иә, енді түсініп жатырмын. Өмірде де біздер көмектесіп тұрамыз. Кішкентай балаларды көрсек, әрине біздер деген...

Стоп! Жаттанды жауаптан гөрі, жүректен шыққан шынайы сөз құндырақ.

Арман Дүйсенов, композитор:

- «Жүрегіңнің қалауымен жүр» - деген тапсырма берілді. Демек бұл жерде... Мәә, Мақпал апай... Бүгін барлығы да шынайы.

Әлішер Кәрімов марапатымен масаттанып тұрғанда, әншінің әңгімесі аяқсыз қалды...

Әлішер Кәрімов, әнші:

-Сахнада жүргеніме 15 жыл болады. Соған орай марапат деп ойлаймын. Қазір...

Әлішер сол кеткеннен, мол кетті. Осымен сұхбат тәмам!