Лана Дель Рей сынға ұшырап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лана Дель Рей болса ғаламторға құмар емес, әрі заманауи трендтерден де бойын алшақ ұстайды. Оның бар арманы – 50-ші 60-шы жылдарда өмір сүру. Америкалық әнші, тіпті өз тректерінде сол дәуірдің мәселелерін әлі күнге ұран етіп айтып жүр.

Лана Дель Рей, өзінің ретроға деген құмарлығының арқасында шығармашылық жолға келгенін айтады. Өнерпаз өткен заманның лебін, әр туындысымен ұштастыруға тырысады. Табынушылары әншіні 60-шы жылдардағы әйгілі Нэнси Синатраға ұқсатады екен.

Алғаш 2005 жылы гитарада акустикалық әндер орындауымен танылған Лана, тректерін Мэй Джейлер атымен тыңдармандарына ұсынып келген. Тек кейінгі уақытта ол Лана Дель Рей есімімен, инди-рок жанрында ән шырқауды қолға алды.

33 жастағы Элизабет Грант композиторлықпен ғана емес, актерлық қабілетімен де көзге түскен. Бірнеше фильмнің басты кейіпкері атанған ару, кино саласына да өз үлесін қосып жүр.

Алайда Лананың әуендерін, сыншылар – өз заманына сай емес деп таныған. Түрлі кереғар пікірлерге құлақ аспайтын бикеш – ретро дәуірін әрі қарай насихаттаудан таймайтын секілді.