Америкалық «Сері мен оқымысты» комедиясы өз жалғасын таппақ. Жоба авторлары картинаның үшінші бөлімін таспалауда. Алғашқыда лента «Қара киімділер» фильмі арқылы өрбуі тиіс болған еді.
Ченнинг Татум мен Джона Хилл басты рөлді сомдайтын атыс-шабысқа толы комедияның жаңа бөлімін, бірнеше жыл бұрын таспалау жоспарланған еді. Бастапқыда «Қара киімділер» фильмімен ұштасуы қажет болған лента, қазір кейінге шегеріліп сценариі толықтай өзгерген.
«Джамп стрит, 21» телехикаясының негізінде түсірілген туынды, жақсы полиция қызметкері болуды армандайтын қос жігіт жайлы. Бұзақылармен ашық айқасқа түсетін серілер, енді қауіпті есірткі тасымалдаушылармен бетпе-бет жүздеспек. Картина келер жылы көрермендерге ұсынылады