«Ninety one» мүшесі «Опмай-опмай» әнін мойындады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Опмай-опмай, кләстастар қайда?» Дәл осындай слэнгпен сипатталған «Азия» мен «Бақай» топтарының біріккен жұмысы, жемісті болған секілді. Бір айдың ішінде 12 миллионнан астам қаралым жинаған бұл клип, шығармашылығында үнсіздік орнап келген қос ұжымның өмірін қаншалықты өзгертті?

«Опмай-опмай» жарыққа шыққалы, қос топтың өмірі күрт өзгерген. Бұрындары миллион қаралымды түсінде көретін жігіттер, желіге жүктелген жаңа клиптің жетістігіне аң-таң!

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Бір бомба болды ғой расында да. Өмір өзгерді ме дегенде, әрине ұсыныстардан телефон тыным таппай жатыр. Ол рас!

Ғаламторда кең тараған әндерді және әріптестерін астарлы әзілмен сынаған «Азия» мен «Бақайдың» бұл видеосы, «91» тобының тыңдармандарына жақпай қалған. Иглздардың уытты тілдері, «Опмай» орындаушыларының төбе құйқасын шымырлатқан көрінеді.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Иглздар әсіресе суық қарсы алды. Байбалам салып, сендерге оларға жетпейсіңдер. Қартайып қалғандар, өздеріңше жамандап жатырсыңдар деген сияқты.

Алайда, санаулы күндерден кейін «Найнти уан» фанаттарының наразылығы сып тиылды.

Zaq, «Ninety one» тобының мүшесі:

-Ол «ойпырмай» деген сөздің қысқарған түрі емес пе? Опмай-опмай! Маған ұнады негізі. Честно! Вот серьезно! Маған ұнады!

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Мен салып қойдым парақшама. Эй, иглздар! Тыңдаңдар кумирларыңды дедім. Неге «эй» дейсің дейді. Менің айтуға құқығым бар. Өйткені, мен үлкен кісімін, сосын олардың маған жасаған шабулы бар. Айтқан жаман сөздері бар. Өздеріңнің кумирлеріңнен өнеге алыңдар дедім.

Бүгінде қос тараптың желідегі жанжалы бәсеңсіген. «Азия» мен «Бақайдың» репертуарындағы тосын өзгерістің өзіндік себебі бар.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

- «Слэнг» - қазіргі жастардың тілі, былайша айтқанда. Ол слэнгтің туындауы заңдылық екен. Мысалы, орыстар да «бро» деп сөйлейді ғой. Шет елде де бар. Біз жастардың тілінде жеткізу керек екенбіз. Біз соны түсіндік!

Айтпақшы, хитке айналған әннің дәл қазір жалғасы жазылуда. Қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – келесі клиптің бойтұмары болмақ!