Америкалық музыкант R Kelly-дің де басы дауға қалды. Танымал өнерпаз жасөспірім қыздардың ар-намысын таптады деп айыпталуда. Енді рэпер өзінің жұмысынан да айырылып қалған.
«I Believe I Can Fly» әнімен танылған сері, продюсерлық қабілетімен де көзге түсіп жүрген еді. Рэпер 6 қыздан тұратын топ құрып, аруларды қатаң талаптармен ұстап, олардың жеке өмірлеріне де қол сұққан болып шықты.
«Грэммидің» үш дүркін иегері атанған өнерпаз, «Sony Music-те» 16 жылдан бері қызмет еткен. Даулы іс басталған сәттен-ақ беделді компания Ар Келлимен жұмыс істеуден бас тартқан. Алайда, музыкант өзінің кінәсіздігін дәлелдемек.
Стив Гринберг, адвокат:
-Қандай да бір айып тақпас бұрын, ең алдымен дәлел қажет. Келли Мырза, халық адамы болғандықтан, оны көре алмайтын жандар да кездеседі.