Дан Балан мен Индира Елемес клип таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жыл таңдауы» жобасында бастау алған Дан Балан мен Индира Елеместің өнердегі байланысы жалғасын таппақ. Молдавияның әйгілі әншісі мен қазақ қызы – жаңа клип таспалауда жоспарлап қойған. Ал, халықаралық дуэттың шығармашылық шығыны кімнің қалтасына салмақ болмақ?

Кезінде хит шерулердің көшін бастаған бұл әнді қазір тыңдасаңыз, құлаққа сіңген әуеннің ерекше ностальгияға бөлейтіні рас. Араға жылдар салып, дәл осы туындының орындаушысы Дан Баланмен дуэт жазу – Индира Елемеске бұйырған. Әлемдік деңгейдегі музыкантпен бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндігі туған сәтте-ақ, әнші бикеш Молдаваға асыққанын айтады.

Индира Елемес, әнші:

- Бара жатқан кезде мен қорықтым. Қалай болады екен, қалай сөйлеседі екенбіз? Сөйлесе алмай қалсақ қалай болады деп. Бірақ өте жылы қарсы алды. Студияда 5 сағат бойы уақыт өткіздік. Өзі менің дауысымды жазып алды. Екеуіміз дайындалдық, сөйлестік.

Халықаралық дуэттің тұсауы – былтыр «Жыл таңдауы» жобасында кесілді. Ұлттық марапатта бастау алған шығармашылық тандем тоқтап қалмаған. Қос тарап таяуда екінші туындыны жазып, жақын күндері бейнебаян таспалауды көздеп отыр.

Индира Елемес, әнші:

-Бейнебаянға ол кісінің қалтасынан шықпайды ғой. Менің қалтамнан шығады. Ал ән, әрлеуі, сөзі барлығы ол кісі өзі. Әнді де жазады, аражировканы да. Дауыс та, студияда да сол кісіден.

Соңғы уақытта Индираның әлем жұлдыздарымен ән салуға аңсары ауа бастағандай. Елемес өткен жылы Егор Кридпен дуэт жазатынын айтып, жұртқа жар салғанымен, әзірге сөз бен істің арасы айшылық жол!

Индира Елемес, әнші:

-Уақыты өте тығыз Егор Кридтің. Бірақ мен кішкене қорықтым. Енді оны білесіздер ғой. Үлкен қаражат керек оған да. Бейнебаян түсіру үшін де өте үлкен қаражат керек.

Дәл қазіргі кадрлар, Индираның кезекті клипінің түсірілімінен. Су жаңа видеоға «Сері жігіт» атты ән таңдалыпты.