Камера қосулы, ел алдындағылардың ашылып айтар әңгімесі де көп. Алайда, ойда-жоқта бәзбіреулер сұхбаттың сәнін кетірсе, қалай қарайсыз? Жайсыз жағдайға тап болған отандық жұлдыздардың, шыдамы мен сабырын байқап көрген едік.
Тілшілер тарапынан жолданған сауал, отандық шоу-бизнес өкілдерін тығырыққа тіресе, кейде әріптестері де жығылғанға жұдырық болады.
Бірде Әли Оқапов бүгінгі көрерменнің талғамы турасында пікірін білдіріп жатқан еді. Алайда, кадрға қымсынбай кірген актер ағасы, одан бетер танымал болуды қалайтын секілді.
Әли Оқапов, әнші:
-Көрерменнің оған қалай қарайтыны... Рахмет, Әбеке! Тұра берсін...
Әлиді түрткілеуге құмар әртістердің өздері де сәттсіз сұхбаттың құрбаны болады. Сол күні Оқапов кешкен күйді, Әбунасыр да басынан өткерді.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Мысалы Ресейде... Сондықтан да біз қуануымыз керек.
Ал, сұхбат сәтінде жұлдызды ата-ананың ұл-қыздары қасында болса, камера алдында әңгімені ашылып айта алмайды. Баланың ісі – шала!
Жан Мұқанов, продюсер:
-Ааа, былтыр 20 болды... Сына, видишь интервью берем. Нельзя трогать!
Зарина Омарова, әнші:
-Әрине бір айда... Балам, осылай қарап тұр. Баласы: Мы снимаем?) Конечно все время снимает! Стой вот так!
Сұхбаттың кейбір тұстары олақтау шықса да, әртістердің ашуға берілгені жоқ. Өйткені, түсірілім кезіндегі түрлі жағдайларға, бұл қауымының әлдеқашан еті үйренген