«Аладдин» жуық арада көрерменге қайта жол тартатын жалғыз туынды емес! Кезінде күллі әлемге әйгілі болған «Елестерді аулаушылар» картинасының жалғасы таспаланбақ. Ең қызығы, киногерлер әлі түсірілмеген аталмыш лентаның трейлерін ұсынды.
Дәл осы қысқа видеоның жарияланғаны сол-ақ еді, аталмыш тизер әлеуметтік желіде бірден миллиондаған қаралым жинап үлгерді. Аты аңызға айналған картинаның жалғасының жарық көруі – жанкүйерлерін расымен қуантқай. Оның үстіне фантастикалық сиквелдің алғашқы бөлімін таспалаған Айван Райтманның ұлы – Джейсен бұл істі өзі қолына алмақ. Киногер жағымды жаңалықты ең әуелі твиттер парақшасы арқылы білдірген еді.
-Эксклюзив! Джейсен Райтман «Елестерді аулаушылар» картинасының режиссерлігіне кіріспек!
Аталмыш лента – 1984 жылы шыққа түпнұсқа картинаның жалғасы! Сценариін де кіші Райтман өзі жазуды жөн көргендей. Түсірілім жұмыстары осы жазда басталатын туынды, 2020 жылы көрерменге жол тартпақ.
Айван Райтман, «Елестерді алушылар» фильмінің авторы:
-«Елестерді алушылар» картинасының жалғасын түсіру идеясы, көпке ұнаған сияқты. Жаңа лентада өзгерістер көп болады. Бірақ, сиквелдың бастапқы идеясын сақтап қалу керек.
Еске салсақ, көрермен көзайымына айналған «Елестерді аулаушылар» фантастикасы – өз дәуірінде ең табысты туындыға айналған еді. Тіпті, картина «Оскар» және «Алтын Глобус» марапаттарына үміткер атанып, «үздік саундтрек» үшін BAFTA марапатының жүлдесін жеңіп алған. Одан бөлек, «Елестерді аулаушылар» – әлемдік киносаласында «тылсым күштер» тақырыбындағы өзге де фильмдердің түсірілуіне жолаш ар болды