Дженнифер Лопес отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әншілікті қойып, актрисалық қабілетін арттырып жүрген Дженнифер Лопес, өзі басты рөлді сомдайтын «Бәрін қайтадан баста» комедиясын көрерменге ұсынған еді. Өнерлі арудың лентасы отандық прокатта үздік деп танылды.

Ticketon.kz сайтының сараптамасы бойынша, Джей Лоның мелодраммасы бір аптадағы 134 млн теңгелік табысымен көш бастап тұр. Фильмде, үлкен компанияға жаңадан жұмысқа орналасқан Майя есімді қыздың хикаясы суреттелген. Арнайы дипломы жоқ ару, өзіннің талантты екенін басшысына барын салып дәлелдеуі қажет.

Әсел Садуақасова мен режиссер Асқар Ұзабаев ұсынған «Келинка тоже человек» фильмінің жалғасы екінші орында. Комедияға өткен жұмада 100 млн теңге пайдаға кенелген. Жан-дүниелердің алмасуы бұл жолы ене мен келіннің арасында емес, жұбайы мен күйеуінің басына түспек. Жаңа жылдық мереке қарсаңында тосын жайттарға тап болған отбасы, енді тығырықтан шығар жолды іздейді.

Үздік үштікте майталман киногер - Сильвестр Сталонне ұсынған америкалық спорттық драма - «Крид 2» фильмі. 79 млн теңгеден астам қаржы жинаған лента, 40 жылдық тарихы бар «Рокки» картинасының заңды жалғасы. Боксшылардың өмірін суреттейтін фильмде, қос былғары қолғап шебері, жеңіс үшін емес әкеден қалған кекті қайтару жолында жекпе-жекке шықпақ.

Осымен үшінші апта кинотеатрларда көрсетіліп жатқан, Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахски в Африке» картинасы мен Нұртас Адамбайдың «Құдалары» үздік бестікке кіре алмады.