Джастин Бибердің үйлену тойы

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибер бойдақтықпен қош айтыспақ. Сері өзінің сүйіктісі Хейли Болдуинмен шаңырақ көтермек ниетте. Сәнбике мен танымал әншінің көптен күткен үйлену тойының күні де белгіленді.

Джастин мен Хейли дүбірлі тойларын, ақпан айының 28-ші жұлдызында атап өтуді жоспарлап отыр. Жақындары мен достарына шақырту жіберіп қойған ғашықтар, осыдан 4 ай бұрын заңды некеге отырған еді. Алайда бұл ақпаратты көпшіліктен жасырып келген жұп, енді ресми түрде отау тікпек. Ал, салтанатты кештің музыкалық тізгінін - диджей Тэй Джеймс өз қолына алмақ.