Үлкен экрандар да өз үздіктерін анықтауда. «Аквамен» картинасы, «DC» кинокомпаниясына жаңа рекорд алып келді. Фантастикалық лентаның табысы 3 аптаның ішінде 1 млрд доллардан асқан.
«Аквамен» - 2018 жылғы ең табысты картиналар қатарына еніп, үздік бестікке ілінді. Туынды АҚШ-та 287 млн доллар пайда жинаса, өзге мемлекеттерден 732 млн көк қағазға кенелген.
Режиссер Джеймс Ванн ұсынған қиял-ғажайыпқа толы лента, су астында өмір сүре алатын суперқаһарман – Артур Карри жайлы. Атлантида патшайымының қарапайым адамнан туған ұлы, енді тақ мұрагері атанбақ. Эмбер Херд, Джейсен Момоа сынды танымал актерлар басты рөлді сомдайтын хикая көптің көңілінен шықса да, киногерлер бұл туындыға оң бағасын бере қоймаған.
Джеймс Ван, режиссер:
-Аквамен – комикстағы жұлдызды кейіпкер жайлы лента болғанымен, оның өзге суперқаһармандық фильмдерден аздап ерекшелігі бар. Біз қалыпты сюжетты жаңғырттық. Бұл әдеттегі фантастика емес, енді Акваменнің шытырманға толы жеке хикаясы дер едім.
«Гринч» анимациялық лентасы да, жаңа жылдық жобалардың рекордын жаңартты. Мультфильм 500 млн доллар кассалық кіріспен, «Үйде жалғыз қалғанда» картинасын шаң қаптырған. Бұзақы жасыл кейіпкер жайлы туынды, басы қасы 75 млн долларға таспаланған. Ал Гричнтың бірнеше аптадағы мұндай табысы, жоба авторларын қуантқаны анық.