Шығармашылығын 2001-жылдары бастаған Питбуль, бала күнінен рэпке құмар болып өседі. Алайда, талантты жігіттің бұл қызығушылығын көпшілік алғашында мойындамаған екен. Бұған кедергі – оның аққұбалығы болса керек. Хип-хаус жанрын таңдаған музыкант, алғашқы қадамын америкалық өнерпаз Лил Джонмен бірлесе туындылар ұсынудан бастаған.
Микстейп, фристайлмен түрлі әуенге импровизация жасау арқылы – өзін дәлелдей алған Армандо Кристиан Перес, «Форсаж» картинасына арнап ән жазу құрметіне де ие болған еді. Рэпердің «Oye» атты трегі - әйгілі лентаның саунтрегінің бірі.
Питбуль, Дженнифер Лопес, Энрике Иглесиас, Шакира сынды әншілермен дуэт жазып, өз танымалдылығын арттыра білді. Өнер иесі 2010 жылы «Billboard Latin Music Award» марапатында бірден 7 номинацияны еншілесе, 2014 жылы «Даңқ аллеясында» өз жұлдызына ие болды.
Бүгінде рэпер, өнердегі серіктесі Энрике Иглесиаспен екінші мәрте әлемдік турнеге аттанған. АҚШ-тың 18 қаласын аралаған музыканттар, енді Еуропаға жол тартпақ.