Головкин кіммен келісімшартқа отырмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкиннің де бұл жылға мақсаты көп. НВО телеарнасы бокстан кеткен соң, Генаның да келісімшарты аяқталған еді. Қазір отандасымыз жекпе-жектерін әлемге паш ететін жаңа платформа іздеп жүр. Әйгілі DAZN/Дазн болса Головкинге әр айқас үшін 10 млн доллардан төлеуге даяр көрінеді.

Головкин НВО аясында 16 жек-жек өткізіп, талантты боксшыдан жаһандық ринг жұлдызына айналды, беделді тұжырымдардың чемпионы атанды және алғашқы миллиондарын да осында тапты. Альвареспен өткізген соңғы айқасында белбеулерінен айырылған соң, ол басы бос агент атанған еді.

Қазіргі таңда Геннадийге Showtime, ESPN мен Fox телеарналары және DAZN платформасы қызығушылық танытуда. Соңғы аталған беделді стримингтік сервис, GGG-дің әр кездесуі үшін 10 млн долларға дейін төлеуге даяр екендіктерін айтқан. Еске салсақ, DAZN бұған дейін Конеломен 365 миллион долларға келісімшарт жасаған болатын.

Биыл 37 жасқа толатын Головкин таяуда кәсіпқой бокспен қоштасады дейді мамандар. Демек Геннадийдің алдағы 2-3 жылда барынша жұдырықтасып, чемпиондық белбеу үшін қайта жорық жасайтыны түсінікті. Жанкүйерлер болса Головкин мен Альварестің қарымта айқасын тағатсыздана тосып жүр.

Үшінші жекпе-жек 4-мамыр күні Т-Mobile аренаға жоспарланып қойды деген ақпарат та тараған еді. Алайда GGG-дің бұл айқастан бас тартқаны мәлімдеген. Бірақ осы абыр-сабыр – үлкен шоудың алдындағы жұрт қызығушылығын оятар даярлық қана болуы бек мүмкін. Қалған оқиға АҚШ бокс нарығының сценариіне тән өрбитіні белгілі.