Бүркіттің голливудтық әріптесі Клинт Иствуд есірткі тасымалымен айналысып жүр. Тіпті, бұл іске әйгілі актер Бредли Купердің де қатысы бар көрінеді. Енді, «Оскар» иегерінің тағдыры қалай болмақ? Мән-жайды тілшіміз айтсын.
Аты аңызға айналған әйгілі режиссер, су жаңа лентасында – дәл осындай есірткі тасымалдаушы кейпінде төбе көрсетпек. Қазірдің өзінде ел асыға күткен фильм – шынайы оқиға желісімен таспаланған. Картинада 80-ге келген соғыс ардагері – Леонард Шарп есімді азаматтың өзі білместен, есірткі таратушыға айналған хикаясы баяндалады.
Алдаумен жүргізушілік қызметке шақыртылып, шындығында есірткі тасымалдаған ақсақал ақырында құрықталады. Клинт Иствуд, бас кейіпкердің образына өзінен басқа ешкімді көрмегенін айтады.
Клинт Иствуд, режиссер, актер:
-Адам әрдайым ізденісте болады. Сондықтан, киносаласында жүргеніме көп болса да, бұл лентадан да тағы бір тәжірибе жинадым. Ең бастысы жұмысым өзім ұнайды. Ал, қалғаны маңызды емес.
Ерек оқиға желісімен өрілген картинаның сценариіне – 2014 жылы New York Times газетінде жарияланған мақала негіз болған. Лентада «Оскар» иегерімен бірге есірткі бизнесімен Брэдли Купер, Лоренс Фишберн сынды голливудтық жұлдыздар айналысады. Тіпті, Клинттың қызы Элисонды да аталмыш триллерден байқауға болады.
Элисон Иствуд, актриса:
-Менің әкем түсірілім алаңында барлығына бірдей қарайды, ешкімді бөліп-жармайды. Бір нәрсені істесе жан-тәнімен беріліп істейді. Таламыш лентаға барын салды дер едім. Сондықтан фильм көпке ұнайды деп үміттенем.
АҚШ-тың қылмыстық тарихында ең егде есірткі тасымалдаушы атанған Леонардтың оқиғасы, көп ұзамай көрерменге жол тартпақ. Лента 14-желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға шығады деп күтілуде