Криштиану Роналдудың жанкүйерлері, спортшының дүбірлі тойын тағатсыздана тосып жүр. Сүйіктісі Джорджина Родригеспен бірнеше жыл бір шаңырақ астында тұрса да, әйгілі аяқдопшы заңды некеге әлі күнге дейін отырмаған. Танымал жұптың үйленуіне не кедергі?
Ресми үйленбесе де Криштиану мен Джорджина үшін, бақытты отбасындай күн кешуге еш кедергі емес. Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отырған жұп, бірнеше ай бұрын ұлан-асыр тойды уәде еткен еді. Алайда аяқдопшының, күйеужігіт атану үшін қамдануға уақыты тапшы болып шықты. Ғашықтарға неке сақинасынан бұрын, бір-біріне деген сезімдері маңызды болса керек.
Дэвид Бекхэмнің тұңғышы – Бруклин болса, өмірлік жарын іздестіруден жалығар емес. 19 жастағы серінің, экс-сүйіктісі Хлои Морецпен қарым-қатынасын үзгені сол-ақ еді, енді түрлі сылқымдармен папарацци көзіне ілігіп жүр. Бруклиннің кезекті ғашығы – Хана Кросс есімді сәнбике болып шықты. 21-ге келген ару мен Бекхэмнің ұлы бірнеше айдан бері таныс екен.
Танымал актер Джордж Клунидің жұбайы – Амаль кезінде өзінің зорлық-зомбылықты бастан кешкенін еске алды. Британдық заңгер, Голливудтың өзге жұлдыздары сынды, ар-намысын аяққа таптағандар туралы ашық айтудан жүрексінген көрінеді. Ұзақ уақыт «Өз-өзімді қорғай аламын ба?» деген күмәнімен шындықты жасырып келген Амаль – бүгінде әйелдер құқығын қорғау ісінің белсенді мүшесі болып жүр.