Отбасы әлде шоу-бизнес? Жұлдыз Өмірғали осы екеуінің басын теңдей ұстауға тырысса да, бәрібір бала күтушінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Толассыз түсірілімдер мен тойлардың көптігінен, әнші кей кездері сәбиін көрмейді екен. Ал, жас ананың өз қызметкеріне қояр талаптары қандай?
Әкесі де, анасы да шоу-бизнес саласында жүргендіктен, кішкентай Санжарға кей кездері ет жақындарының мейірімі жетпей жататын көрінеді. Бұл қылығы үшін, Жұлдыз Өмірғали өзінің айыпты екенін мойындайды.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Ол жағынан өзімді кінәлі сезінемін. Балама көп уақыт бөле алмағаным үшін. Себебі, бізде оннан басталады сьемка, түңгі 9-10-ға дейін. Енді, бәріне үлгеруге тырысамын. Себебі, жас болғандықтан ол мен үшін керек. Мені ел ұмытпау үшін.
Нағыз жұлдыз атану үшін дәл осындай жанкештілікке дайынмын деген Өмірғали сәбиін 2 айынан бастап бала күтушіге сеніп тапсырады.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Дүйсенбі-жұма күндері істейді. Екі күн демалады. Сол оннан бастап, кешкі жеті-жеті жарымға дейін. Егер ұзағырақ болса, ол кісі қалады. Бұрын жалақысы басқа болатын, қазір жалақысын көтердім. Себебі, менде график өзгеріп тұруы мүмкін.
Жұлдыз сынды, Аша Матайдың да қызына қарайтын адамға шарттары жетерлік. Алайда, қатаң талаптардан қызметкерлердің біразы өтпей қалған екен.
Аша Матай, әнші:
-Біз бала күтуші жалдағанбыз. Ол бірге тұрды. Арманның қарындасы болатын. Сондықтан да жүрегіміз тыныш болатын. Одан кейін бірақ та біраз күтушілерді көрдік, бірақ қанағаттанбадық шыны керек. Себебі, күтуші жалдау өте қиын.
Жуырда ғана екінші мәрте ана атанған Айдай Исаева болса, кезінде мұндай күдіктерден құтылудың өз жолын ұсынған еді.
Айдай Исаева, сәнбике:
-Үйде камера да бар, оның, негізінде камера қоюдың бірден бір жақсы жері, кейіннен қарайсың, қалай болды деп. Ал, мүмкін сенің балаңды ұрып қойса, мысалы соның бәріне қалай қарайсың.
Алайда, ең дұрысы сәбиіңе камера арқылы емес, тікелей өзің қарап, өзің тәрбие берген мың есе артық деп санайды сәнбике.