Жоқшылықты көрген жұлдыздар

Сообщить о проблеме с эфиром

Фэшн жүлделерден дәмесі жоқ отандық жұлдыздар, сән тақырыбында сөз қозғады! Шоу-бизнес өкілдерінің пікірінше, аз ақша тартымды көрінуге еш кедергі емес. Мәселен, актер Шәріп Серік әпкемнің киімін кию, кезінде өзімді ең стильді сезінуге тосқауыл болмады дейді.

Аз ақшамен-ақ, талғамға сай киінуге болады дейтіндердің бірі - Марат Оралғазин. Әзілеш, жастайынан сәнді көрінудің түрлі әдіс-тәсіліне төселіп алғанын айтады.

Марат Оралғазин, шоумен:

-Енді, біздің кезімізде біз ақша болса барахолкадан киінетінбіз. Одан кейін жалпы біз, тоқсаныншы жылдарғой енді, тоқсаныншы жылдарды ағаларымыздың киімін киетінбіз. Менің үлкен ағам бар. Әйтеуір ағамыздың киімін киіп өстік қой.

Ағасынан қалған дүниені меншіктеген Маратты Шәріп Серік бақытты санайды.

Шәріп Серік, актер:

-Менің ешқандай ағам болған жоқ, менің үлкен сестрам болды. Сондықтан да мен бала кезімде, сестрамнан қалған киімдерді киетінмін. Кейде «Шако, мына жейдең женский емес па» дегенде, «жо-жоқ мамам алып берді» деп. Ондай кездер де болды.

Тіпті, балалық шағында да, актерға өзгенің киімін киюге тура келген. Шәріп бұл құбылысты уақыттың қажеттілігі деп санайды.

Шәріп Серік, актер:

-Студенттік кезде сенің киімің жоқ. Бәрі общаковский, бәрі общий. Біреудің джинсиын киесің, біреудің кофтасын киесің, сөйтіп жүре бересің. Жұқа, анау-мынау жиіркеніш деген ондай мүлдем болған жоқ.

Дәл осындай қиын кезеңдерді Жеңісхан Момышев та бастан өткергенін жасырмайды. Кезінде киім таппай қиналсам, есесіне бүгінде ең сәнді серілердің біріне айналдым дейді ол.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Өзімді әдемі киінетіндер қатарына жатқызамын. Өйткені өзім киінуді білем. Бірақ тренд қуып, бір киімнің артынан қумаймын. Өзіме не жарасады соны сатып аламын әрдайым. Бірақ мынандай тренд деп сондай ғана киім жүрмеймін.