Фанта бренді болса, «с» дәрумені бар жаңа сусынын халыққа ұсынды! Ерекше дәмді бұл Фанта барша иглзға шабыт сыйлағандай! Себебі, әйгілі марка тың таныстырылым аясында, кью-поп жанкүйерлеріне Ninety one кешіне тегін қатысуға мүмкіндік берген еді.
Fanta ұйымдастырған концерт аясында Ninety one-ның жалынды жанкүйерлері, сүйікті мемберлерімен қуана қауышты! Бұл мүмкіндікті иелену үшін қаржы шығындау қажет емес еді. Иглз, тек Fanta-ның әріптестерімен бірлесе 30 күн бойы ұйымдастырған байқауының талаптарын орындаса болғаны. Соның бірі - «Boyman» әніне ең үздік кавер жасау!
Байқау барысында 150 өтінім қабылданып, ең үздіктері арнаулы билеттерге қол жеткізген көрінеді!
-Біз «Найнти уанның» фанатымыз! Өте тегін әрі тиімді болып келеді. Біз оны өзімізге алып, және де оны іштік, және де оған билет берді. Біз өте бақыттымыз, өте қуаныштымыз! Фантаға үлкен рахмет! Осындай мүмкіндік бергені үшін.
-Бүгінгі концерт күшті болды! «Найнти уанға» фантииин!
Q-pop өкілдері өнер көсеткен концертте ине шаншыр жер қалмады. Меймандар арасында, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жандар да жеткілікті.
-Мына жерде, Алматыдан басқа қалалардан келген де адамдар бар дейді ғой иә?! Олар қаншалықты?
Ninety one-дықтар болса, өз тарапынан аянған жоқ. Fanta мұрындық болған кеш барысында, иглз өз мемберлерімен қосыла ұжым репертуарындағы барлық әнді шырқады.
Ninety one:
-Жалпы сіздерге, Фантамен каллобарация қалай болып жатыр? Ол негізі мета-модерн деп аталады. Үйлеспейтін заттар қосылғанда осындай дүниелер шығады.
Ал, бұл ән мерекесі көпке ұнағандай! Көптен бері мұндай концерт болмады деген иглз, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.