Ақ көйлек киген Әуелбекованың, дүйім жұртқа жеткізер жағымды жаңалығы бар. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталса да, Мөлдір, екінші мәрте қалыңдық атануды құп көреді. Әнші бикештің жеке өміріне құрған жоспары жайлы толығырақ өзі тарқатсын.
Бүгінде Арыстан мен Мөлдірдің арасы алшақтағанымен, олардың ортақ некесінен – Салтай есімді балақай бар. Бірақ Мөлдір ұлының жалғыз өскенін қаламайды. Келешекте сезімін селт еткізер сері жолықса, екінші рет тұрмыс құруға қарсы емес.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Егер де енді солай тағдырыма бұйырып тұрса, неге шықпасқа? Мен әлі жаспын!
Ақ көйлек киген Әуелбекова жанын түсінер жігітті әзірге жолықтырмаған. Әнші бикеш шығармашылық жолда тынбай тер төгуін жалғастыра бермек. Таспаға тартылған мына кадрлар – кезекті клипінің түсірілімінен. «Гүлмін» атты жаңа бейнебаянға 8 образды тоғыстырған Мөлдір, бұл туындысы арқылы, ер-азаматтардың нәзік жандыларға деген құрметін көрсетпек.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Өнерде, өмірде менің ортам көбінесе ер-азаматтар. Менің қуанышым болсын, тағысын тағы көбінесе келетін ер-азаматтар. Сол себепті жақсы бағалайтын сияқты. Енді арада сыйластығымыз бар!
Иә, нәзік жандыларға ерекше ілтипатын аямайтын Мейрамбек Бесбаев, Мөлдірді қолдауда қол қусырып қалған емес.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:
-Өнерде аға маған көп қолдау көрсетеді. Менің қиын сәттерім болсын, тағысын тағы. Ақылдасатыным осы Мейрамбек аға. Өзі туған ағамдай болып кеткен. Сол себепті қарым-қатынас жақын. Аға ретінде, қарындасы ретінде.
Осы жылды жемісті аяқтаған Мөлдір, тың туындысын жаңа жылдың қарсаңында жарыққа шығармақ ниетте.